Айыппұл не абақты. Селфи түсіруге тыйым салынған керемет жерлер

Селфи түсіру заңмен қудаланатын аймақтар бар. Сурет саласының сарапшысы "естелікке түсуге" болмайтын бірнеше локацияны атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Дереккөз мәліметінше, бұл ережені бұзғандар тек қомақты айыппұл төлеп қана қоймай, қамалуы да мүмкін екенін айтады.

Құнды заттар үй, лондондық Тауэр

Темза өзенінің сол жағалауында 700 жылдық тарихы бар лондондық Тауэр орналасқан - ғимарат салынған жылдардан бастап Еуропа тарихында ерекше орын алады. Мұнда корольдік отбасының құнды заттары сақталған, сол себепті күзеттің де деңгейі өте жоғары. Қауіпсіздік тәуекеліне байланысты мұнда суретке түсуге болмайды. Бұл ережені күзетшілер мен бейнебақылау камералары қатаң бақылауда ұстайды.

Нью-Йорк зообақтары

2014 жылы жолбарыспен көптеген сефилердің салдарынан мысық тұқымдас жануарлармен хайуанаттар бағында, карнавалдарда және Нью-Йорк цирктерінде суретке түсу тыйым салынған. Мұндай заң өз дегенінен қайтпайтын туристерден жыртқыштарды қорғау үшін енгізілген. Ережені бұзған адамға мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Памплона, Испания

Жыл сайын "Бұқалар жарысынан" адреналин алуға келетін туристердің жиналатын орны. Алайда бұқамен селфи түсіріп жатқаныңызды заң өкілдері көрсе, 3 мың еуро айыппұл салынады. Осылайша билік өкілдері демалушыларды қауіпсіздік қамтамасыз етеді екен.

Сикстин капелласы, Ватикан

1980 жылы тарихи нысанда реконструкция жүргізілгеннен кейін, қасиетті жердің аумағында (ішкі бөлігінде) тек арнайы рұқсатпен ғана суретке түсуге болады.

Сауд Арабиясы

Меккеде құлшылық кезінде суретке түсу қатаң тыйым салынған. Сауд Арабиясының билігі құлшылық кезінде суретке түсу қасиетті жерге ұзақ жол жүріп келген діндар адамдарға деген құрметсіздік деп санайды.

Тахо көлі, Калифорния

Жергілікті билік өз дегенінен қайтпайтын туристерден жануарларды қорғау үшін көл маңында мекендейтін тіршілік иелерімен суретке түсуге тыйым салды. Олар адамдардың аюмен суретке түсу үшін тым қатты жақындауы мүмкін екенінен қауіптенеді.

Ван Гог музейі, Амстердам

Амстердамдағы ең танымал музейге кіргіңіз келсе, онда гаджетпен уақытша қоштасуға дайын болыңыз. Келушілер өнер туындыларын толыққанды ләззәт алу үшін және басқаларға кедергі келтірмес үшін музей ішінде кез келген камераны қолдануға тыйым салынған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!