20 тіршілік иесі - 15 жылан, төрт көпаяқ пен кесірткені елден алып шықпақ болған саяхатшы әйелді Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун поровинциясы Шэньчжэн қаласында Хуанган кеден қызметкерлері ұстап қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап.
Кеденшілер күдік тудыратын жүріс пен қатты қысып тұрған киім киген әйелге назарлары түскен.
Ары қарайғы тексеру әйел адам белі мен кеудесіне бірнеше жануарды байлап, ал өзгелерін қалтасына салып алғанын көрсетті.
Кедендік қызмет мәліметінше, әйел адам контрабандалық жолмен тоғыз патша жылан, алты шошқатұмсық жылан, төрт ірі сарытабанды көпаяқ пен кесірткені алып шықпақ болған. Бұл жәндіктердің бәрі экзотикалық болып келеді.
Ал мұндай құрып бара жатқан тіршілік иелерін елден арнайы рұқсатсыз алып шығуға тыйым салынған екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!