Автокөлікпен саяхаттаған отбасы құздан құлап кетті

АҚШ-та үш адам жолсыз турға шығып қаза тапты, олардың көлігі таулы аймақтан құздан құлап кеткен, - деп хабарлайды Mirror.

Аризоналық 60 жастағы Офелия Фигероа-Перес пен оның жиені Дайана Роблес Колорадоға джиппен жолсыз турға барып, Сан-Хуан тауының сұлулығын тамашалауды көздеген. Бір кезде джип жүргізушісі 72 жастағы Дон Фехд көлікті игере алмай, жолдың оң жағына шығып кетіп, 30 метрлік құздан құлған. 

Жол апаты салдарынан үш адам да қайтыс болды. Фехд көліктен шықпақ болған, алайда үлгере алмай биіктіктен құлап өлген. Аударылған автокөліктегі тағы екі адамның мәйітін басқа туристер тапқан. Олар полиция шақырған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.