Австрияда әуе шары ұшу кезінде апатқа ұшырап, соның салдарынан тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Kurier.
Оқиға Төменгі Австрия федералдық жерінде болды. Туристер әуе шарымен саяхаттаған. Қону кезінде адамдар тұрған кәрзіңке төңкеріліп, төрт адам құлап кеткен, олардың арасында ұшқыш пен қызметшілер де бар. Оларды бірнеше метрге сүйреген.
Ал қалған бес адам қайтадан әуеге көтерілген, сөйтіп орманда талға ілініп қалған. Ауыр жарақат алған екі адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Қалған жетеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді. Винер-Нойштадт прокуратурасы тергеу шараларын бастады.
Реклама
Реклама