Австралия аумағының үштен бірін қорыққа айналдырады

Австралия өзінің құрлық аумағының кем дегенде 30 пайызына табиғатты қорғау мәртебесін беруге ниетті. Бұл туралы Австралияның қоршаған ортаны қорғау министрі Таня Плиберсек мәлімдеді, - деп хабарлады Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

mignews.com мәліметінше, Австралия өсімдіктер мен жануарлардың 110 түріне және 20 аймаққа ерекше мәртебе береді, қорғалатын аумақтарды 50 миллион гектарға ұлғайтады. Бұл жоспар 2027 жылы қайта қаралады.

"Өсімдіктерімізді, жануарларымызды және экожүйелерімізді қорғау үшін әрекет ету қажеттілігі ешқашан мұндай ауқымды болған емес", - деді Плиберсек.

Австралия басқа материктерге қарағанда сүтқоректілердің көп түрін жоғалтты. Елдің жаңа үкіметі жергілікті өсімдіктер мен жануарларды қорғауға шамамен 146 миллион доллар бөлуге уәде берді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!