Авиация саласы 2023 жылы "плюске" шығады - IATA

© pixabay.com

IATA әуе тасымалы халықаралық ассоциациясының экономикалық саралау нәтижесіне сәйкес әлемдік авиация саласы 2023 жылы табысқа кенеледі, - деп хабарлайды Travelweekly.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

IATA әуе тасымалы халықаралық ассоциациясының экономикалық саралау нәтижесіне сәйкес әлемдік авиация саласы 2023 жылы табысқа кенеледі, - деп хабарлайды Travelweekly.com.

Мамандардың болжамы бойынша, келер жылы әлемдегі барлық әуекомпаниялар шамамен 779 миллиард доллар кіріс кіргізіп, 4,7 миллиард доллар табыс табады. Бұл дегеніміз маржа - 0,6 пайыз, Қытайдаға коронавирус шектеулеріне қарамастан 2019 жылмен салыстырғанда әлемдік сұраныс 85,5 пайызға жетеді.

IATA бас директоры Уилли Уолштың айтуынша, экономикалық тұрақсыздық болғанына қарамастан 2023 жылға оптимизммен қарауға себептер баршылық екен.

Реклама
Реклама

IATA сонымен қатар әлемдік авиация саласының 2022 жылға арналған болжамын жариялады. Құжатқа сәйкес, биыл осы сала 727 миллиард доллар кіріс кіргізссе де 6,9 миллиард доллар жоғалтады. Бұл қорытынды бағалау маусым айында жарияланған IATA-ның биылғы жаһандық шығыны 9,7 миллиард доллар болуы мүмкін. IATA бағаның ойлағаннан да жоғары болуы әлемдік экономиканың баяулауы мен жанармай бағасының күрт өсуін атап өткен. 2022 жылғы сұраныс пандемия дәуіріне дейінгі көрсеткішке қарағанда 70,6 пайыз болады.

Осыған дейін, IATA 2024 жылы әуежолаушыларының саны 4 миллиардтан асатынын болжаған еді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная