Aviata.kz қалай қайтарымсыз билеттерді қайтарымды етеді?

Қазір жоспарлау бұрынғыдан да маңызды. Әуе және теміржол билеттерін онлайн брондау, сатып алу бойынша қазақстандық нарық көшбасшыларының бірі Авиата саяхатты жоспарлауды әлдеқайда ыңғайлы нұсқаға айналдыратын қызмет түрін қосты. Ұшу құнының 90 пайызын қайтаратын кепілдіктің арқасында сервис клиенттері кез келген авиабилетті тапсыра алады. Бұл қалай жүзеге асады?

Әуекомпанияларда баға, қайтару және айырбастау шарттары, маршрутқа өзгерістер енгізу мүмкіндігі бойынша түрлі тариф бар. Әсіресе, бағасы ең төменгі тариф танымал, бірақ ол әдетте қайтарылмайды. Яғни, осындай әуе билетін сатып алсаңыз, кейін жоспарыңыз өзгеріп кетсе, ақшасы қайтарылмайды. Тариф бойынша келесі билеттердің қайтару шарттары сәл тиімдірек, бірақ әлдеқайда қымбат. Әуекомпания бұл жерде де айыппұл ұстап қалуы мүмкін. Aviata командасы қолданушылар ең қолайлы өнімді алуы үшін қайтарылмайтын билеттердің тиімді бағасы мен оны қайтару кепілдігін біріктірді.

Кепілді қайтарым қалай жұмыс істейді? Авиата сайты немесе қосымшасынан қайтаруға болмайтын билетті сатып алғанда, пайдаланушылар билет құнының қосымша 10 пайызын төлеп, билетті қайтара алатындай қылуға болады. Егер қандай да бір себептермен сапардан бас тартса, сервис билет құнының 90 пайызынан қайтарады. Егер әуекомпанияның ережелеріне сәйкес ақшаны толық қайтару мүмкіндігі болса, клиент толық соманы алады. Функция мына әуекомпанияларға жарамды: Qazaq Air, SCAT, Turkish Airlines - ұшуға 24 сағат қалғанға дейін, Air Astana - ұшуға 12 сағат қалғанға дейін, Uzbekistan Airways - ұшуға 48 сағат қалғанға дейін қолжетімді. Ұшу бағыттары шектелмейді, сатып алынған билеттерді ұшуға 3 сағаттан аса уақыт қалғанда қайтаруға болады.

Құнның 90% кепілді қайтарымын іске қосу идеясы 2020 жылы пайда болды. Ішкі рейстер қайта ашылып, бірақ карантин шектеулері бірде жеңілдеп, бірде күшейтілген кезде, клиенттердің жоспары жиі өзгере бастады. Авиата командасы бұл жағдайды талдап, қайтарылмайтын билеттерді қайтаруға мүмкіндік беретін функцияны әзірлеуге кірісті. Жаңа нұсқаның негізгі идеясы сапарларды алдын ала жоспарлау және күтпеген жағдайларды ойлап алаңдамау үшін жасалды.

Саяхатшылар сапарға шығатындарына сенімді болмағандықтан, билеттерін ұшу күніне жақындағанда сатып алғанды жөн санайды. Бірақ, ұшудан бірнеше апта немесе ай бұрын билет сатып алу арқылы ақшаны үнемдеуге болады. Саяхатты алдын ала жоспарлайтындарға Aviata мүмкіндігінше пайдалы болуға тырысады.

Aviata қандай жағдайда пайдаланушылардың ақшасын 90 пайыз қайтаруға кепілдік береді?

  • Сапар алдын ала жоспарланған болса, қызмет билеттерге жұмсалған ақшаны жоғалтпай жоспарларды өзгертуге немесе одан бас тартуға мүмкіндік береді.
  • Отбасымен саяхаттау әрқашан қиынырақ, өйткені әр адамның жеке талаптарын ескеру қажет. Мысалы, ұшуға жақын қалғанда бала ауырып қалса ақша қайтарылады.
  • Әлемдегі тұрақсыз жағдайға байланысты саяхатқа шығу қиын, жоспар үнемі өзгеріп отырады. Жоспары аяқ асты өзгергендер де билетін қайтара алады.
  • Кейде виза алу үшін әуе билеттерін алдын ала сатып алу қажет. Билет алынып, виза ала алмай қалған жолаушы да билетін өткізіп, құнының 90 пайызын қайтарып ала алады.

Қайтарылмайтын әуебилеттерді сатып алу кезінде 90% қайтару кепілдігі Авиата командасының пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін қолданатын көптеген ерекшеліктерінің бірі болып отыр. Үнемі дамып келе жатқан қызмет өзінің "адамдар мен мәдениеттерді жақындастыру үшін технологиялар құру" миссиясын жалғайды.
Авиата қосымшасын сілтеме бойынша жүктеп алыңыз және оңай жоспарлаңыз!

Aviata туралы

Aviata әуе және т/ж билеттерін онлайн-брондау мен сатып алудың қазақстандық сервисі 2013 жылдың 9 шілдесінде құрылған болатын. 2014 жылы компания Android пен IOS-та алғашқы Aviata мобильді қосымшасын іске қосты.

2016 жылы компания Қазақстандағы әуебилеттерді онлайн-сатудың агенттік нарығының 30% жуығын иеленді. 2018 жылғы ақпанда Chocofamily Holding компанияның 53%-ын сатып алды, ал 2019 жылы Aviata мен Chocotravel Біріккен компаниясындағы өз үлесін 100%-ға дейін арттырып, Қазақстандағы әуебилеттерді онлайн-сатудың агенттік нарығының 70%-ына қол жеткізді.

2019 жылы Aviata әуебилеттерді және метапоиск сатып алудың онлайн-сервисінің функцияларын – билеттерді Aviata-дан ғана емес, сондай-ақ әуекомпаниялар мен басқа да онлайн-агенттіктердің сайттарынан табу және сатып алу мүмкіндігін үйлестіретін ТМД-дағы алғашқы гибридтік сервис болды.

Бүгінде Aviata пайдаланушыларға 1000-нан аса әуекомпанияның билеттерін табуға мүмкіндік береді. Компания ай сайын ұшақтар мен пойыздарға 400 000-нан астам билет сатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Жарнамалық материал