Аустралияда ұшақ апатынан 10 адам зардап шекті

© pixabay.com/Skitterphoto

Дүйсенбіде Аустралияның Үлкен Барьерлі риф аралында жеңілмоторлы ұшақ апаты салдарынан 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Skynews.com.au сайтына сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбіде Аустралияның Үлкен Барьерлі риф аралында жеңілмоторлы ұшақ апаты салдарынан 10 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Skynews.com.au сайтына сілтеме жасап

The Australian басылымының мәліметіне сәйкес бортында 10 адамы бар ұшақ Брисбеннен солтүстік-батысқа қарай 1600 шақырым жерде орналасқан Лизард аралындағы ұшу-қону жолағына қонуы тиіс еді. Алайда Кернске жете алмаған.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында жасалған суреттерде апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтары ғана көрінеді.

Аустралияның көлік қауіпсіздігі бюросының Бас комиссары Ангус Митчелдің айтуынша, әуеге көтерілген кезінде Townsville Airlines компаниясына тиесілі Cessna 208 ұшағының қозғалтқышында ақау пайда болған. Ұшқыш Лизард аралына оралуға тырысқан.

"Ауыр жарақат алған жолаушылар туралы хабарлама келіп түсті", - деді Митчелл.

News.com.au мәлім еткендей, Квинсленд Денсаулық сақтау департаменті барлық 10 жолаушы дереу Кернс ауруханасына жеткізілгенін және қазір жағдайлары тұрақты екенін растады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная