Аустралияда әйел адам акула шабуылынан ауыр жарақат алды

© pixabay.com/makabera

Аустралияның Аделаида қаласының маңындағы жағажайда 32 жастағы әйел акула шабуылынан ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Тhe Guardian сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияның Аделаида қаласының маңындағы жағажайда 32 жастағы әйел акула шабуылынан ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Тhe Guardian сайтына сілтеме жасап.

Аустралиялық әйел теңіз жыртқышымен кездесуден кейін тірі қалған - оның жарақаты өміріне қауіпті емес, дәрігерлердің дер кезіндегі көмегі оны өлімнен арашалап қалған. Олардың айтуынша, негізгі шабуыл зардап шегушінің басына келген.

Реклама
Реклама

Осы оқиғадан кейін полицейлер жағажайдағы адамдарды эвакуациялаған, ал жедел әрекет ету қызметі мен волонтерлер акуланы іздеуге кіріскен, алайда оны табу мүмкін болмады.

Бұл аймақта осымен екі апта ішінде болған екінші жағдай. Осыған дейін алып ақ акула 55 жастағы серферге шабуылдаған. Ер адам қаза тапты.

"Бұл биыл Эйр түбегінде болған қайғылы жағдай. Оған дейін 43 жастағы мұғалім акуланың құрбаны болған", - дейді полицейлер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная