Аустралияның Бичпорт қаласындағы жағажайда акула әйелге жабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ABC News басылымына сілтеме жасады.
Басылым мәліметінше, акула әйелге екі рет шабуыл жасаған: басында ол аяғын тістеген, кейін жыртқыш қолына тап берген. Жарақат орнында терең жара қалған.
Судан шығуға басқа шомылушылар көмектескен, олар дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсеткен.
Әйелдің белі және қолы жараланып, ауруханаға түсті. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Өкінішке орай мұндай шабуылдар жиілеп кетті. Туристер демалыс кезінде барынша сақ болғаны дұрыс.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!