Аустралия жағалауы екі метрге жуық теңіз көбігіне оранды

Видеодан үзінді

Аустралияның шығысындағы күшті дауылдың әсерінен Квинсленд жағалауы екі метрлік мұхиттық көбікке толды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияның шығысындағы күшті дауылдың әсерінен Квинсленд жағалауы екі метрлік мұхиттық көбікке толды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Аймаққа тропикалық циклон келіп, қатты жел, нөсер жауын-шашын мен жоғары толқындар тудырды. Аустралияның бүкіл шығыс жағалауы жойқын желдер мен соқпа толқындар тудырған күшті теңіз дауылына айналды.

Реклама
Реклама

9News.com

Еске сала кетсек, көптеген аудандар қалың теңіз көбігіне толған, ал көбік толқындары Currumbin Beach Surf Club-ының жағажайын басып қалған. Туристер мен фотографтар ерекше көріністі түсіру үшін арнайы аялдаған екен.

"Бұл керемет, қанша жылда бір рет болса да, осындай табиғи құбылысты көре аласыз. Бұл өте әсерлі", - дейді әуесқой фотограф Тед Грамбо.

Алайда Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Квинсленд тұрғындарына ауа-райының ылғалдылығына байланысты жағдайдың нашарлауы мүмкін екендігі ескертілді. Байрон шығанағының басты жағажайы толығымен су астында қалғандығы атап өтілді. Ағаштар топырақтан түп-тамырымен жұлынып алынған, адамдар суға құлаған, өйткені жерде тұрақтап тұру мүмкін болмады. Жағалау бойындағы көптеген үйлер жарықсыз қалды.

Метеорология бюросының синоптигі Квинсленд ауа-райының нашарлауы мүмкін екенін айтты. 15 желтоқсаннан бастап дауыл басқа бағытқа ауысады және Жаңа Оңтүстік Уэльстің солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная