Аустралия екі жыл локдауннан кейін тағы да карантинді күшейтті

Аустралия билігі коронавирустың омикрон штамы тез таралуына байланысты тағы да шектеу шараларын енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа ережелердің ішінде үй ішінде бетперде кию, қоғамдық орындарда адамдардың санын шектеу және екпені тексеру талаптары бар. Рождестводан екі күн бұрын енгізілген шектеулер, елдің екі жыл ішінде бірқатар локдауннан кейін қалыпты өмірге оралу жоспарларының жойылғанын білдіреді.

©REUTERS 

Аустралияда ересек тұрғындардың 90 пайыздан астамы вакцинацияланған, ал ауруханаға жатқызу және өлім-жітім деңгейі төмен. Дегенмен, жақында елде аурудың 8,2 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды, бұл пандемия басталғаннан бері күн сайынғы ең үлкен өсу.

©REUTERS

Мысалы, Сидней және Аустралияның 25 миллион халқының үштен бірі орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс билігі үй ішінде міндетті түрде маска киюді енгізді, ал мекемелерге келушілер санын шектеу үшін QR кодын пайдаланып, тұтынушыларды тіркеуге бұйрық берілді.

©REUTERS

Аустралияда омикрон толқыны жағдайында да 273 мың адам ауру жұқтырып  2 173 адам қайтыс болды, бұл көп елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!