Әуекомпанияларының 8,5 айға ғана жетер қаражаты қалды

© Shutterstock

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әуе тасымалы саласындағы жағдайға қатысты нашар болжам айтты. Ұйымның мәліметінше, осы саланың кірісі 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 46 пайызға төмендейді деп күтіледі екен, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әуе тасымалы саласындағы жағдайға қатысты нашар болжам айтты. Ұйымның мәліметінше, осы саланың кірісі 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 46 пайызға төмендейді деп күтіледі екен, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Айта кетейік, 2019 жылы әлемдік авиацияның кірісі 838 миллиард доллар болған. Ұйымның осыған дейінгі талдауында 29 пайызға төмендейді деп болжанған еді. IATA болжамның нашарлауы сұраныстың өсуіне және 2020 жылдың төртінші тоқсанында басталуы керек жолаушылар тасымалының қалпына келуіне байланысты екенін айтылады. Бірақ бұл коронавирустың қайтадан өршуіне және үкіметтер енгізген шектеулерге байланысты іске аспай отыр екен.

Реклама
Реклама

Қауымдастықтың болжамы бойынша, 2020 жылы жолаушылар трафигі 66 пайызға қысқарады, ал желтоқсан айында сұраныс 68 пайызға төмендейді. Әуеакомпаниялар шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдағанымен, олардың шамамен 50 пайызы тіркелген немесе жартылай тіркелген. Нәтижесінде шығындар кірістер сияқты тез қысқармайды. Сонымен, 76 әуекомпанияда операциялық шығындар 48 пайызға, ал кірістер 73 пайызға төмендеді.

"2020 жылдың төртінші тоқсаны өте қиын болады және 2021 жылдың бірінші жартысы айтарлықтай жақсаратыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Билік тарапынан қосымша қаржылық көмек болмаса, орташа әуекомпанияның қаражаты қазіргі жағдайдағы нормамен шығысты есептегенде небәрі 8,5 айға жетеді", - деді IATA бас директоры Александр де Жуньяк.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная