Әуекомпания вакцина алмаған жолаушыларға ұшуға тыйым салды

Көрнекі сурет: ©Shutterstock

Air New Zealand әуекомпаниясы халықаралық рейстерді қайта бастамас бұрын "вакцина жоқ - ұшу жоқ" саясатын енгізеді. Тасымалдаушы халықаралық желі арқылы ұшатын жолаушылардан толық вакцинаны талап етеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Weekly басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air New Zealand әуекомпаниясы халықаралық рейстерді қайта бастамас бұрын "вакцина жоқ - ұшу жоқ" саясатын енгізеді. Тасымалдаушы халықаралық желі арқылы ұшатын жолаушылардан толық вакцинаны талап етеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Weekly басылымына сілтеме жасап.

Жаңа ережелер 2022 жылдың 1 ақпанында күшіне енеді. Әуекомпанияның атқарушы директорының пікірінше, бұл талаптар ең алдымен, қауіпсіздік шараларына байланысты болып отыр.

"Жаңа Зеландия азаматтары барғысы келетін көптеген халықаралық бағыттар вакцина алмаған саяхатшылар үшін жабық. Біз вакциналауды неғұрлым тез жасасақ, жолаушыларымызды Нью-Йорк, Ванкувер және Жапония сияқты жерлерге тезірек жібере аламыз.

Біз клиенттерімізден де, қызметкерлерден де бұл шара олар үшін маңызды екенін естідік. Қызметкерлермен кеңес өткіздік және қауіпсіздік үшін қолдан келгеннің бәрін жасағымыз келеді. Біздің халықаралық рейстерімізде міндетті вакциналау осындай сенімділік береді", - деді Air New Zealand атқарушы директоры Грег Форан.

Реклама
Реклама

Аталған талаптарды әуекомпания Жаңа Зеландияда енгізді. Вакциналау тек жолаушылар үшін ғана емес, барлық экипаж мүшелері үшін де қажет.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная