Әуежайда қарасора тасымалдаған америкалық ұсталды

Фото: pixabay.com

Кеден қызметкерлері оның жүгінен 11 грамм қарасора мен 9 грамм гашиш майын тапты. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеден қызметкерлері оның жүгінен 11 грамм қарасора мен 9 грамм гашиш майын тапты. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

АҚШ азаматы, 60 жастағы Марк Вогель 15 тамызда түстен кейін Нью-Йорктен мәскеулік әуежайға ұшып келді. Тексеру барысында оның сөмкесінен құқық қорғау органдарының назарын аударған бірқатар зат табылды.

Америкалықтан марихуананы алып жүретін контактілі линзаларға арналған бес контейнер тәркіленді. Сонымен қатар, багажда электронды вейпке арналған гашиш салынған 14 картридж бар болып шықты.

Реклама
Реклама

Турист ұсталды, тыйым салынған заттарды алып жүрді деген күдікпен полиция тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр. Есірткі контрабандасы туралы бап бойынша қылмыстық іс ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная