Әуежайда жолаушылар ұшағының өртенген сәті видеоға түсірілген

Испанияның Кастельон-де-ла-Плана қаласының әуежайында British Airways әуекомпаниясына тиесілі Boeing 747 жолаушылар ұшағы өртенді. Оқиға орнында түсірілген видеоны Aero Telegraph жариялады. 

Видеодан ұшқыш кабинасы өртеніп жатқанын көруге болады, одан қара түтін будақтап жатыр. Портал мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, дереу өртті сөндірген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, алайда лайнер айтарлықтай зақымдалған. 

Вoeing 747-400 ұшағы Кастельон әуежайында тамыздан бері тұрғаны айтылады. Әуекомпания ұшақты онда бөлшектеу үшін жіберген, осылайша ол тұрақта тұрған. Енді болған жағдайға байланысты авиация мамандары тексеріп жатыр, олар өрттің неден шыққанын анықтайтын болады.