Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Әуежайда есірткіні банан түрінде өткізуге тырысқан турист ұсталды


Дубай әуежайында есірткіні банан түрінде өткізуге тырысқан турист ұсталды. Бұл туралы Khaleej Times жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған, бірақ ол туралы қазір ғана белгілі болды. Ер адам Дубайға Африкадан ұшып келген. Оның жүгін сканерлеген кезде кеден қызметкерлері сөмкесінде біртүрлі тығыздықтағы заттарды байқайды. Кейін банан болып көрініп тұрған өсімдіктің ішінде есірткі барын анықтайды.

Саяхатшы есірткі барын білмегінін айтқан. Ол банан алып келе жатырмын деп ойлаған. Ер адамның айтуынша, оның отандасы бұл сөмкені БАӘ-дегі досына жеткізіп беруін сұраған және оған жол шығынын төлеп, жұмыс тауып беремін деп уәде еткен.

Соған қарамастан, Дубай соты туристі 10 жылға бас бостандығынан айырып, 50 мың дирхам (5,8 миллион теңге) айыппұл салды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды