Флорида әуежайында екі жолаушы рейстің тоқтатылуына байланысты төбелес шығарды. Оқиға видеосын Metro басылымын жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
17 наурызда, сәрсенбіде бетперде киюден бас тартқан екі жолаушы салдарынан Форт-Лодердейл - Голливуд рейсі кейінге шегерілді.
Видеодан әйелдердің әуежайдан шығып жатқанын көруге болады. Олардың бірі өзіне айғайлаған адамдардың алдына шығып, басқа жолаушымен дауласады.
Құқыққорғау органдарының өкілі екі қызды тоқтатуға тырысады, бірақ олар бір-бірінің шашына жабысып, төбелесе бастайды. Соңында полиция саяхатшыларды тоқтатып, терминалдан алып кетті.