Әуежай қызметкерлері туристің ұмытып кеткен телефонын қайтарудың ерекше әдісін ойлап тапты

Калифорниядағы әуежай қызметкерлері ұмытылған телефонды туриске қайтарудың ерекше әдісін тапты. Бұл туралы Southwest Airlines әуекомпаниясының Twitter желісіндегі парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Southwest Airlines жолаушысы ұшар алдында ұялы телефонын ұшаққа отырғызу алаңында тастап кеткенін анықтады. Содан кейін әуе кемесінің өкілдері гаджетті саяхатшыға қайтару жолын ойлап тапты.

Желіде жарияланған кадрларға қарағанда, Кедендік бақылау қызметкерлері телефонды ұшу-қону жолағындағы қызметкерге қалай жібергенін көруге болады, ал ол секіріп, оны ұшақ командирінің қолына иллюминатор арқылы берді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!