Әуежай қызметкері жүк түсіру кезінде конвейерде тұрып, қайтыс болды

Нью-Орлеанда (АҚШ) әуежай қызметкерінің шашы жүк конвейеріне шатасып қалғаннан қайтыс болды. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Оқиға сейсенбі, 30 тамызда болды. Басылымның мәліметінше, 26 жастағы Жермани Томпсон Frontier Airlines әуекомпаниясының ұшағынан жүкті түсіріп жатқанда ұзын шашын конвейер тартып алған.

Салдарынан қыз бас терісінен айырылды. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, бірақ қайтыс болды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!