British Airways әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатты жағдайда әуежайға қонды. Ұшақ қонған бетте оның қозғалтқышынан өрт шыққан. Осы оқиғаның видеосын Express басылым жариялады.
Өткен сәрсенбіде Лондоннан Копенгагенге ұшып келген ұшақтың кенеттен бір қозғалтқышы өртенген. Куәгерлердің айтуынша, өрт лезде лайнердің шассиіне өтіп, қара түтін бұрқ ете қалған.
"Осы кезде өрт сөндіру және жедел жәрдем кареталары ұшақты қоршап, су шаша бастаған. Олар өртенген дөңгелекке 20 минуттай шашып тұрған, бірақ ол сонда да өртене берген", - деді туристердің біра.
Айта кетейік, ұшақ жолаушылары борттан аман есен шыққан. Алайда олар өрт сөндірушердің толық сөндіріп бітпейінше ұшақ ішінде екі сағаттай уақыт күтуіне тура келген.
sooo, it looks like our flight from Copenhagen to London on @British_Airways might be a bit delayed… @flightradar24 pic.twitter.com/kr6dffV5uz
— Gabe Gudgel (@gabegudgel) July 6, 2022Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!