Әуе рейсі кешіктірілген кезде жолаушы не талап ете алады

Көрнекі сурет ©Shutterstock

Туристер көбінесе рейстерді кешіктіру немесе ұшаққа ауыстыру сияқты жағдайларға тап болады. Ауа райының қолайсыздығы, ұшу-қону жолағын жөндеу, техникалық ақаулар - осының бәрі кейде жолаушыларды ұзақ күтуге мәжбүр етеді. Мұндайда қолайсыздықтарды қалай өтеу керек және күтуді жеңілдетуге бола ма? Kaz.tengritravel.kz тілшісі жолаушылар осындай жағдайға тап болғанда не талап ете алатынын түсінуге тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Туристер көбінесе рейстерді кешіктіру немесе ұшаққа ауыстыру сияқты жағдайларға тап болады. Ауа райының қолайсыздығы, ұшу-қону жолағын жөндеу, техникалық ақаулар - осының бәрі кейде жолаушыларды ұзақ күтуге мәжбүр етеді. Мұндайда қолайсыздықтарды қалай өтеу керек және күтуді жеңілдетуге бола ма? Kaz.tengritravel.kz тілшісі жолаушылар осындай жағдайға тап болғанда не талап ете алатынын түсінуге тырысты.

Павлодарлық Ирина Волковаға ұшуға дейін 16 сағат күтуге тура келді. Ол жолдасы және бес жасар баласымен 19 тамызда таңертең Нұр-Сұлтан әуежайынан Анталияға ұшып кетуі керек еді. Қыздың айтуынша, олармен бизнес-класқа билет алғандарды қоса есептегенде, шамамен 200 жолаушы ұшуы керек болған.

Реклама
Реклама

"Сағат 8.45-те ұшуымыз керек еді. Әуежайда таңғы алтыға дейін барлық қажетті рәсім өтті. Рейстің кешігуі туралы ақпарат болған жоқ. Тек 40 минуттан кейін рейс техникалық себептерге байланысты кешіктірілгені айтылды. Алдымен 45 минут, содан кейін тағы бір сағат. Сағат 12-ге қарай адамдар наразылық білдіре бастады. Тіркеу орнында әуекомпаниялардың өкілі тұрды, бірақ ол ешқандай сұраққа нақты жауап бере алмады. Адамдар айқайлап, су, тамақ сұрай бастады. Содан кейін әуекомпания өкілі тек балалары бар жолаушыларға арналған қонақүйге автобус ұйымдастырды. Қалғандарын қайда орналастырғанын білмеймін, бірақ Нұр-Сұлтан тұрғындарын үйлеріне жіберді. Кейін түнде қонақүйге автобус келіп, әуежайға алып кетті. Біз багажды тез тапсырдық, тіркеуден өттік және түнгі сағат 01.00-де ұшып кеттік", - деді Ирина.

Фото Ирина Волкова

Ирина ұшып кеткенімен, оның оқиғасы әлі аяқталған жоқ. Қазір ол отбасымен бірге Түркияда демалып жатыр, бірақ оралғаннан кейін олар қайтадан күтуге тура келеді. Бұл жолы әуекомпаниядан өтемақыны күтеді.

"Туроператор бізге келген кезде осы кешіктірілген сағаттарды қайтару туралы өтініш жазуды ұсынды. Ал олар әуекомпанияға шығады және біздің күткен күніміз толық өтелуі керек", - деп бөлісті қыз.

Сонымен, рейс кешіктірілсе немесе ауыстырылса жолаушылар не істеу керек?

ҚР қолданыстағы заңнамасында, атап айтқанда "ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабында тасымалдаушының рейс орындалмаған немесе кідіртілген кезде жолаушы алдындағы жауапкершілігі көзделген. Оның ішінде, егер әуекомпания мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, кешіктірудің әрбір сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.

Егер бұл тасымалдаушының кінәсінен болса, онда ол жолаушылар үшін қосымша ақысыз келесі қызметтерді ұйымдастыруға міндетті:

- жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;

- рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрон пошта арқылы екі хабарлама жіберу;

- рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;

- рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде ыстық тамақпен қамтамасыз ету:
әр алты сағат сайын - күндізгі уақытта;
әрбір сегіз сағат сайын - түнгі уақытта;

- рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақүйге орналастыру;

- қонақүй қосымша ақысыз ұсынылған жағдайда тасымалдаушы ұсынатын көлікпен әуежайдан қонақүйге дейін және кері жеткізу.

Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе он сағаттан астам мерзімге кідіртілетін кезде, тасымалдаушының таңдауы бойынша тасымалдаушы міндетті:

- жолаушыны билетте көрсетілген межелі пунктке дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз ету;

- жолаушыға билеттің толық құнын қайтару.

Осы тармақтарды бұзған жағдайда тасымалдаушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная