Туризм индустриясының мамандары 2022 жылы саяхаттауға әуе билеттерін брондаудың ең тиімді уақытын анықтады. Бұл туралы Eturbonews жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Airlines Reporting Corporation (ARC) зерттеуінше, рейстерге билеттерді ұшудың болжамды күнінен 35 күн бұрын, ал халықаралық бағыттарға үш-төрт ай бұрын сатып алу ұсынылады. Осы кезеңде жол жүру құжаттарының құны шамамен бірдей деңгейде сақталады.
Әуе билеттерін брондау үшін оңтайлы күн - жексенбі. Ішкі рейстерде бұл саяхатшыларға жалпы құнының шамамен 15 пайызын, ал халықаралық рейстерде он пайызды үнемдей алады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!