Атып кетуі де мүмкін. Туристер үшін ең қауіпті қалалар аталды

© pixabay.com/thepoorphotographer

Өркениетті елдердің барлығында дерлік турситерді қонақжайлықпен қарсы алып, оларға қуанады. Жергілікті халық сіз тіл білмесеңіз де қолынан келгенше көмектесуге тырысады. Алайда барлық жерде олай емес екен, келушілерді жақтырмайтын елдер де бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты TravelRambler басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өркениетті елдердің барлығында дерлік турситерді қонақжайлықпен қарсы алып, оларға қуанады. Жергілікті халық сіз тіл білмесеңіз де қолынан келгенше көмектесуге тырысады. Алайда барлық жерде олай емес екен, келушілерді жақтырмайтын елдер де бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты TravelRambler басылымына сілтеме жасап.

Каракас, Венесуэла

Венесуэла астанасы Маргарита аралы сияқты әйгілі курортта демалғысы келетіндер үшін тартымды жер. Бірақ бұл қалаға тек гидпен келу керек. Өйткені Каракаста туристерге жүру қауіпті келетін қылмыс жайлаған аудандар бар. Ол аудандарда ұрлық, тонау мен атыс-шабыстар да болып жатады. Тіпті венесуэлалықтар адамды ұрлап, ол үшін ақша талап етіп те жатады.

Реклама
Реклама

Питермарицбург, Оңтүстік Африка

Бұл қала өзінің сәулетімен Еуропаның ескі қалаларын еске салатындықтан туристер көп баратын жер. Шаһар осындай әсемдігіне қарамастан, келушілер үшін өте қауіпті. Мұнда қылмыс деңгейі өте жоғары, қарулы шабуыл мен тонау жиі болады екен. Мұндай шабуылдардың басым бөлігі ксенофобия салдарынан болып тұрады, бір сөзбен мұнда өзге елден келушілерді жақтырмайды.

Сурет:Tripsoul

Порт-Морсби, Папуа-Жаңа Гвинея

Бір қарағанда бұл шаһар демалысқа өте жайлы көрінеді: мұнда кең жағажайлар мен мұражайлар мол. Дегенмен қонақүйден алшақтамаған жөн болады. Өйткені қала маңында өте кедей тұрғындар тұрады, жұпыны үйлер орналасқан. Ондағылар турситердің заттарын оңай олжа көреді, тіпті адамның өзін ұрлап кетуі мүмкін.

Сурет: commons.wikimedia.org

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная