Атақты қонақүйдің менеджері 18 жастағы саяхатшы қыздарды зорлаған

© pixabay.com/Ben_Kerckx

Ұлыбританияда Hilton қонақүйінің менеджері бірнеше әйелді зорлағаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияда Hilton қонақүйінің менеджері бірнеше әйелді зорлағаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

45 жастағы Ахмед Фахми 15 жыл бойы осындай қылмыс істеп келген. Тергеу мәліметінше, бірінші жағдай 2008 жылы Уотфорд қаласында тіркелген. Қонақүй қызметкері көшенің арғы бетінде тұратын әйелмен кездесіп, аяқ киімін шешуді өтініп, массаж жасай бастаған. Бір кезде ол әйелді сүймек болған. Ол кезде ер адам ешқандай жауапкерішілікке тартылмаған.

2022 жылы Фахми Sunborn Yacht қонақүйінің мас қонағын номерге кіргізіп, зорлаған. Сондай-ақ, 2023 жылы ұлыбританиялық ер адам әріптесіне қырындап, ұятты жерлерінен ұстап, қыздың аяғы туралы сөз қылған. 2024 жылы ол Норвегиядан келген 18 жастағы қыздарды зорлаған, алайда ол өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша тек бір қызбен еш зорлық-зомбылықсыз, екеуара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен.

Реклама
Реклама

Фахми 24 қаңтарда сот алдына келді. Ол өз кінәсін мойындамады. Сот оны кепілақымен босатудан бас тартты, келесі отырыс ақпан айына белгіленген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная