Vietjet әуекомпаниясының 20 жылдық тәжірибесі бар ұшқышы Джакарин Сарарнракскул толғағы қысқан жолаушыны босандырып алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.
Негізі оқиға 23 ақпанда болған. Бірақ қуанышты хабар енді таралып жатыр. Тайбэйден (Тайвань) Бангкокқа (Тайланд) ұшып бара жатқанда жүкті әйелдің кенеттен толғағы басталып кеткені белгілі болды. Ол кезде жолаушы дәретхана бөлмесінде болған көрінеді.
Басылымның мәліметінше, әуекемесінің командирі осы жайтты ести сала, екінші ұшқышты кемені басқаруға қалдырып кетеді. Ол бірден жүкті әйелге көмек көрсетуге асықты. Ұшқыш 20 жылдық тәжірибесінде алғаш рет босандырып тұрса да, өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай орындап шыққаныны айтты.
Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы екені анықталды. Ұшқыштың айтуынша, ол өзін мақтан тұтады.
"Енді ол (бала) өмірінің соңына дейін барлығына аспанда дүниеге келген айта алады", - деп қосты Сарарнракскул.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!