Флорида (АҚШ) жағажайында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шығарылған әскери ұшақ демалушылардан бірнеше метр қашықтықта қонуға мәжбүр болды. Оқиға туралы видео мен мәліметтерді Daily Mail жариялайды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Бір моторлы TBF Avenger ұшағының суға қонғанын куәгерлер видеоға түсірген. Кадрдан ұшақтың төмен батып бара жатқанын көруге болады, содан кейін адамдар жүзіп жүрген жерге жақын жерге келіп тоқтайды. Жағажайда демалып жүргендер зардап шеккен жоқ. Ұшақ жерге қонғаннан кейін құтқарушылар келіп, ұшқыштың да аман-есен екені белгілі болды.
Басылымның мәліметінше, ұшақ Какао Бичтегі әуе шоуына қатысқан кезде механикалық ақау анықталған.