Арыстаннан қауіпті. Мүйізтұмсықтың туристерге шабуылы видеоға түсіп қалды

Африкада туристерге ызалы мүйізтұмсық тап берген видео желіде вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

БАҚ мәліметінше, оқиға Оңтүстік Африканың Үлкен Крюгер ұлттық паркінде болған. Ызалы жануар көлікке қарай тура шауып, біраз жерге дейін шошыған туристердің артынан қуады.

"Біздің гид балшық жолмен барынша тез жүруге тырысты. Ал жануар бізді 3-4 минуттай тоқтамай қуды. Мәселе мүйізтұмсықтың мұндай әрекеті қалыпты еместігінде болып тұр. Гидтің өзі бұл өміріндегі ең қауіпті бес жағдайдың бірі екенін айтты. Біз жануарлардың үйінде тек қонақ екенімзіді сездік", - деп жазыпты Анастасия Чепмен Instagram желісінде.

Реклама
Реклама

Статистика бойынша арыстандарға қарағанда адам өлімі мүйізтұмсықтардан жиі болады екен.