Америкалық Spirit Airlines әуекмопаниясының бұрынғы бортсерігі жұмыс берушілерін нәсілшілдік бойынша айыптап, сотқа берді. Оның айтуынша дискриманцияға ұшырап, артық салмағы үшін жұмыстан негізсіз босатылған, - деп хабарлайды Daily Mail.
Челсия Блэкмон есімді қара нәсілді қыз нәсіл дискриминациясының құрбаны болған: артық салмағының салдарынан ол бортсеріктерге арналған арнайы орындыққа отыра алмай және қауіпсіздік белбеуін таға алмаған. Алайда дәл сондай ақ нәсілді әріптесі жоғарыдағы талаптарды орындай алмаса да жұмысын сақтап қалған. Оған артық салмақтан арылуға мүмкіндік берген.
Блэкмон өз арызында барлық тәжірибе хаттамаларынан өткенін және қауіпсіздік талаптарының барлығына сай келетінін көрсеткен: ол бірнеше рет "қандай да бір мәселесіз" ұшқан, сондай-ақ қауіпсіздік белбеулерін сәтті қолданған. Airbus A319 ұшағында қыз орындыққа сыймайтынын аңғарған, оған ұзартылатын белбеу беруден бас тартқан, сол себепті одан борттан түсуін талап еткен.
Осы жағдай екі үш мәрте қайталанған кезде, стюардессан ұшудан босатқан. Бортсеріктің айтуынша, әуекомпания мұндай қадамға әдейі барған, оның өкілдер құқығын аяқ асты еткен. Блэкмон компаниядан жалақысын қайтаруды, сот шығындарын өтеуді және моральдық өтемақы талап еткен.