Артық салмағы бар адамдарды "ұнатпайтын" бес ел

© pixabay.com/anaterate

Артық салмақ қазіргі таңдағы ең басты қиындықтардың бірі. Осыған байланысты кей елдерде адамдардың толықтығымен күресетін мемлекеттік саясаты тым қатал келетін елдер бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туристас басылымының зерттеуіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Артық салмақ қазіргі таңдағы ең басты қиындықтардың бірі. Осыған байланысты кей елдерде адамдардың толықтығымен күресетін мемлекеттік саясаты тым қатал келетін елдер бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туристас басылымының зерттеуіне сілтеме жасап.

Жаңа Зеландия

Реклама
Реклама

Бұл ел азаматтарының көпшілігі артық салмақтан зардап шегеді. Міне осы мәселе ел билігін қатаң шаралар қабылдауға итермеледі. Мәселен осы ел азаматтығын алғысы келген шетелдіктер масса индексіне сәйкес келу керек. Олай болмаған жағдайда үміткерлерге виза берілмейді. Алайда бұл туристерге қатысты емес.

Жапония

2008 жылдан бері Жапонияда ерлер мен әйелдерге мықын кеңдігін шектейтін заң қабылданды. Ерлер үшін ол 90 сантиметр, ал бұрымдылар үшін - 80. Азаматтар жылда осы өлшемді жүргізу керек, одан асып кеткен жағдайда диеотологқа баруы тиіс. Сонымен қоса, ол заң бойынша айыппұл да қарастырылған екен, алайда ісі жүзінде олай әлі ешкім жазаланбаған көрінеді.

Мексика

Мексикада дұрыс тамақтану маңызы туралы мектептен бастап айылады. Тіпті бұл елде бургер немесе фри картобының бағасы қымбат та, жеміс, көкөніс пен өзге де пайдалы азық-түлік айтарлықтай арзан.

Сонымен қоса, елдегі артық салмағы бар адамдар спортпен айналысып, диетологқа қаралуға міндеттеледі.

Бірікке Араб Әмірліктері

БАӘ билігі салауатты өмір салтын дәріптеу үшін ең тартымды әдіс ойлап тапқан болар. Елде артық салмағы бар адамдар үшін арнайы байқау өткізіледі, онда тастаған әрбір келі артық салмақ үшін 2 грамм алтын беріледі екен. Мәселен Gov Games мемлекеттік ойынында артық салмақтан арылған әйелдер 2 миллион дирхамды (шамаман 245 млн теңгедей) өзара бөлісіп алған.

Финляндия
Бұл елде артық салмақпен күресудің ешқандай қатал түрі жоқ, керісінше, Финляндияда дене бұлшықеттерін тонуста ұстайтын "скандинав жүрісі" кең танымал. Сонымен бірге, экологиялық таза әрі пайдалы өнім өсіретін фермерлік шарушалықтар өте көп. Үкімет тарапынан оларға қолдау бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная