12 шілде 2021 09:07

Армения карантин шектеуін 20 желтоқсанға дейін ұзартты

Фото: pixabay.com

Бұған дейін енгізілген карантин шараларының қолданылу мерзімі 11 шілдеде аяқталды, бірақ республика билігі оларды жыл соңына дейін ұзартты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourweek басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейін енгізілген карантин шараларының қолданылу мерзімі 11 шілдеде аяқталды, бірақ республика билігі оларды жыл соңына дейін ұзартты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourweek басылымына сілтеме жасап.

Армения шекарасынан өту үшін кіруге дейін соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР-анықтаманы ұсыну жеткілікті. Сондай-ақ "Спутник V" немесе басқа да танымал препараттармен иммундаудың толық (екі дозасы) сертификаты болса, елге кіруге болады. Вакцинаның екінші дозасын сапардан кемінде екі апта бұрын салдыру керек. Егер бұл шарттар орындалмаса, турист 14 күн оқшаулануға немесе өз есебінен шекарада ПТР-тестін тапсыруға міндетті.

Реклама
Реклама

Бір жасқа дейінгі балаларға бұл талаптар қойылмайды. 

Арменияның өзінде арнайы антивирустық шектеулер жоқ. Барлық жердегі сияқты, жабық бөлмелерде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау қажет. Толық вакцина салдырған адамдарға маскасыз жүруге рұқсат етіледі. Қоғамдық тамақтану орындарының, сауда орталықтарының және қоғамдық көліктердің жұмысына тыйым салынбады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram