"Армандағы еңбек демалысына" барған турист ОАР-да жергілікті бандиттер қолынан ажал құшты

Оңтүстік Африка респбликасына демалуға отбасымен және достарымен барған германиялық ер адам аса қатігездікпен өлтірілген, - деп хабарлайды Evening Standart.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Африка респбликасына демалуға отбасымен және достарымен барған германиялық ер адам аса қатігездікпен өлтірілген, - деп хабарлайды Evening Standart.

Басылым мәліметінше, Германиядан келген туристер демалыстың бірінші күні сафариге бармақ болған, алайда олардың жолында қаруланған бұзақылар кезіккен. Оқиға Крюгер ұлттық саябағынан 40 шақырым жерде Мпумаланга провинциясының Уайт-Ривер фермерлік ауылынан өте бергенде болған. 

Реклама
Реклама

Олардың минивенінің алдына Volkswagen Caddy автокөлігі тоқтап, ішінен қаруланған және бетперде таққан үш адам шыққан. Олар туристерге көліктен шығуын талап еткен. Осы кезде рөлде отырған 67 жастағы ер адам бұзақылардың талабын орындаудан бас тартып, есіктерді жауып, артқа бере бастаған. Бұзақылардың бірі жүргізушіге оқ атып, оқиға орнынан қашқан.  

Оқиға орнына жеткен полиция мен апатты-құтқару қызметінің мамандары саяхатшыны аман алып қала алмаған - ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

Фото: Jamie Pyatt

"Қан көп кеткен, айғайлаған дауыстар, өзіңізде ойлағандай туристер байбалам салды, жүргізушіні аман алып қалу мүмкін боламды. Бұл расымен ауыр жарақат еді, бастапқыда қан көп кетуіне байланысты оған бір немесе бірнеше оқ тигенін біле алмадық", - дейді құтқарушылардың бірі. 

Мпумаланга провинциясының полиция басшысы генерал-лейтенант Семакеленг Манамела демалушыларға жасалған шабуылды айыптады. Қылмыскерлерді табуға көмектескен адамдарға 2500 фунт стерлинг (1 314 729 теңге) тағайындалған.

"Біз азаматтардан қандайда бір мәліметті білген жағдайда бізге хабарласуды сұраймыз. Бәлкім куәгерлер бар шығар. Әділдік орнауы тиіс", - деді ол. 

Оңтүстік Африка әлемдегі ең қауіпті жерлердің бірі, онда күніне орташа есеппен 67 адам өлтіріліп, 115 зорлау фактілері тіркеледі екен. Алайда туристерге шабуыл жасау сирек кездесетін көрінеді. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная