Arabian Travel Market 2023: Қазақстанның атынан кімдер шықты?

Дубайда Таяу Шығыстағы ең ірі туристік көрме - Arabian Travel Market 2023 өтті. 150-ден аса елден 2000 экспонент пен 34 мыңнан аса қонақты жинаған іс-шараға Қазақстан да қатысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздің стендінде 13 туркомпания, 5 қонақүй, Air Astana әуекомпаниясы, Шымкент қаласы мен Жетісу облысының туризм басқармасы ұсынылды. Стендті Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің қолдауымен "Kazakh Tourism ҰК" ҰК АҚ ашты.

Көрме аясында өткен Versatile Excellence Travel Awards салтанатында Қазақстан Таяу Шығыстан келген саяхатшылар үшін үздік трендтік дестинация ретінде марапатқа ие болды.

"Біз БАӘ-ден туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, осы елдің азаматтары үшін 30 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге визасыз режим белгіленді, ал осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан мен БАӘ арасындағы тікелей рейстер саны Әбу-Даби мен Алматы арасында - аптасына 3-тен 4 рейске дейін, Дубай - Астана және Дубай-Алматы бағыттары бойынша-аптасына 10-нан 14 рейске дейін артты. Google аналитикалық деректеріне сәйкес, БАӘ (5,3 пайыз) соңғы 90 күнде "Қазақстанда тұру" және "Қазақстанға ұшу" сұраныстары бойынша ТОП-10 елдің қатарына кіреді", - деді "Kazakh Tourism ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Көрме барысында отандық компаниялар шетелдік серіктестермен бірнеше келісімшарт жасасты және Қазақстанға туристерді жіберуге бағытталған халықаралық туристік компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATM | Arabian Travel Market (@arabian_travel_market)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!