Аптап: Токиода 120-дан аса адам қаза болды

Фото:depositphotos.com

Жапонияда нормадан тыс аптап басылмай тұр. Ресми деректер бойынша Токиода шілдеде ыстықтан 120-дан астам адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда нормадан тыс аптап басылмай тұр. Ресми деректер бойынша Токиода шілдеде ыстықтан 120-дан астам адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың көпшілігі 60 жастан асқан адамдар. Өткен ай 1898 жылдан бергі елдегі ең ыстық ай болды. Температура орташа температурадан 2,16 градусқа жоғары болған.

37 мың жапондық медициналық көмекке мұқтаж болған.

Реклама
Реклама

Сейсенбіде Токио мен Жапонияның батысында ыстық ауа райы туралы ескерту жарияланды. Елорданың орталығында ауа температурасы шамамен +34-ке дейін көтерілген.

Жергілікті ауа райы қызметі мәліметінше, тамызда аптап басылмайды, ауа температурасы көтеріледі. Алдағы күндері ел астанасында +35 және одан жоғары болады деп күтіледі.

Жапон денсаулық сақтау органдары мен синоптиктері тұрғындар мен туристерге үйден шықпауға, ылғалдану үшін жеткілікті сұйықтық ішуге және кондиционерді пайдалануға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная