Апат жағдайында қонған ұшақтың жолаушылары видео жариялады

Мәскеу - Краснодар 1104 рейсімен ұшқан Boeing-737 әуе кемесі мезгілсіз қонуға мәжбүр болды. Апат жағдайда қонған ұшақтың бортындағы жолаушылар жағдайды видеоға түсіріп, Желіге жүктеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

"Московский комсомолец" басылымының мәліметінше, әуеге көтерілген Boeing-737 ұшағынан ақау анықталған. Осыған байланысты экипаж механизацияның істен шыққаны туралы хабарлама жіберіп, шұғыл қону туралы шешім шығарған.

Видеода жолсеріктердің жолаушылардан топтасып, басын төмен түсіруін сұрап жатқан дауысын естуге болады. Ұшақ аман-есен қонғаннан кейін жолаушылар экипажға қол шапалақтады. Кейін жолаушылардың қуанған дауысы естілді.

Реклама
Реклама

"Қорқынышты болды", - дейді видеодағы жолаушы қыз. Бортта 149 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.