Антальяға найзағай соғып, туристер жағажайға асықты

Түркиядағы Анталья курорттық провинциясында демалыс күндері күндізгі уақытта ауа температурасы +26°C шамасында болып, жаңбыр жауды. Сонымен қатар, түнде қатты найзағай соқты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Анталияның 4-ші аймақтық метеорология басқармасы найзағай туралы ескерткен. Түнде соққан найзағай республиканың негізгі курорттық провинциясының жағалау аймақтарын ерекше көрініске бөледі. 

Табиғи құбылыстың сұлулығы үшін қауіпке қарамастан, көптеген турист жағажайға асықты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!