Антальяда қазақстандық танымал логопед қаза тапты

Түркияның Анталья қаласында қазақстандық журналист Арайлым Бағытжан 34 жасында жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook желісінде хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы жексенбіде шамамен 16:00-де Д-400 тасжолында болған. "Сафари" жол талғамайтын көлігі Газипаша ауданында тағы бір көлікке соқтығысқан. Сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тапса, ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық ауруханада қайтыс болған. Тағы 17 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальяда ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиыен жағдайда ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалып жатыр. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Жасұлан Бисембиев.


Арайлым Бағытжан

Оның айтуынша, жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!