Анталияның 12 қонақүйінде туристерге жалған алкоголь ұсынылды

Түрік қонақүйлерінің тағы бір тексерісі кезінде заңсыз және жалған алкоголь анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Анталияның қонақүйлерінен бес мың литрден аса контрафактілік алкоголь тәркіленіп, қылмыстық істер қозғалды.

Анталия провинциясындағы курорттарға рейдті жергілікті жандармерия жүргізді. Бас прокуратураға туристік аймақтағы қонақүйлерде заңсыз және жалған алкаголь сату туралы шағым түскен. Полиция Манагавт курорттық аудандарында (5 қонақүй) және Кемерде (19 қонақүй) орналасқан 24 мекемеге барды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары олардың 12-інен жалпы 5,6 мың литр жалған өнім тапты.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!