Анталиядағы қайғылы жағдай: 5 жұлдызды қонақүйде күзетші тапаншадан оқ жаудырды

Түркияның Белек курортындағы бес жұлдызды қонақүйде туристер қорқынышты жағдайға тап болды. Sabah газетінің мәліметінше, күзетші өзінің бұрынғы басшысын қонақүйде атқан, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Жанжал күндізгі сағат бір шамасында Белек курортындағы қонақүйдің кіреберісінде болды. Алдымен күзетші мен қонақүйдің бұрынғы секьюрити басшысы арасында дау туындайды. Ол екі ай бұрын жұмыстан босатылып, басқа қонақүйде күзетші болып жұмыс істейді. Даудың себебі неде екені әлі белгісіз.

Алайда, жұмыстан босатылған қызметкер Месут Билан қару алып, екі оқ атып, күзетші Марат Уймаздың басын және қолын жарақаттады. Туристер мен қонақүй қызметкерлері полиция мен жедел жәрдем шақырды.

Жараланған күзетші ауруханаға жеткізілді. Шабуылдаушының тағдыры хабарланбады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!