Түркияның Анталиясында ресейлік туристер отырған автобус апатқа ұшырады. Оқиға Манавгат ауданында болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, микроавтобус жүргізушісі жаңбырдан кейін тайғақ жолда көлік жүргізе алмаған. Салдарынан автобус бұрылысқа шықты, содан кейін ол жолдан шығып, төңкерілді. Жолаушылар әйнек арқылы сыртқа шығуға мәжбүр болды.
Оқиға орнына құтқару қызметі келді. Барлық сегіз адам, оның ішінде жеті ресейлік ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!