Анталияда такси жүргізушілері шет тілдерін үйренеді

Анталия курортында такси жүргізушілері шет тілін үйренуге міндетті. Ағылшын тілі басым болғанымен, орыс, неміс және араб тілдерін де меңгеруі керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оларды кем дегенде негізгі деңгейде білуі қажет. Билік осылайша мәдени деңгейді арттырып, туристер мен такси жүргізушілері арасында байланыс орнатқысы келетінін айтты.

Аntalyaekspres басылымының мәліметінше, жыл сайын 18 миллион турист қабылдайтын туризм астанасы Анталияда такси жүргізушілері туристермен жақсы қарым-қатынас жасау үшін шет тілдерін үйренуді талап етеді.

Реклама
Реклама

"Біз такси жүргізушілеріміздің екі-үш шет тілін базалық деңгейде білгенін қалаймыз. Ағылшын тіліне басымдық беріледі. Атап айтқанда, орыс және неміс тілдерін үйрену бойынша сабақтар өткізіледі, өйткені Анталияға келген туристердің басым көпшілігі - орыс және немістер. Таяу Шығыстан келетін туристер санының көбеюіне байланысты жақында жүргізушілерге араб тілі де беріледі", - деп түсіндірді жүргізушілер палатасының төрағасы Мехмет Әли Алкан.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!