Анталияда қонақүйлер жаппай жабыла бастады

Фото Тengrinews.kz

Келесі аптада Түркияның курорттарында көптеген қонақүй жабылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Келесі аптада Түркияның курорттарында көптеген қонақүй жабылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Анталия провинциясындағы 250 төрт және бес жұлдызды қонақүйдің шамамен 90 пайызы қыста жабылады. 

Tisoyab туризм инвесторлары қауымдастығының президенті Хусейн Айдоганның айтуынша, жылдың 12 айында қонақтарға қызмет көрсететін қонақүйлерден басқаларының биылғы маусымы аяқталды. Қалғандары 23 қарашаға дейін жабылады.

Реклама
Реклама

Провинцияда жабылатын қонақүйлердің қызметкерлері, яғни 114 мыңның шамамен 80 пайызы 1 мамырға дейін жұмыссыз қалады. Сондықтан Айдоганның айтуынша, басты мақсат - жыл бойы жұмыс істеуге ұмтыла отырып, төмен маусымда туристік бағдарламалар ұсыну.

Қауымдастық мәліметінше, биыл курорт пандемияға дейін келген 16 миллион шетелдік туристердің шамамен 35 пайызын қабылдады. Олар мемлекет қазынасын шамамен 4,5 миллиард еуроға толықтырды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная