Анталияда аттракцион бұзылып, үш бала зардап шекті

Анталияда аттракцион бұзылып, үш бала жарақат алды. Құтқарушылар көмектескенше, балаларға біраз уақыт тұруға тура келді, - деп хабарлайды HaberTurk

Оқыс оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Карусельді бекітетін жері бұзылып, кейін төңкеріліп, жерге құлаған.

Бұл Анталиядағы Ататүрік саябағында болған. Құтқарушылар балалардың біреуін түсіріп алып, ауруханаға жеткізген, ал екіншісін платформаның астынан шығарып алған, оның жағдайы айтарлықтай ауыр болмаған.

Қазір полицейлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!