Анталия қонақүйінде өрт болып, туристерді шошытты

Анталиядағы үш жұлдызды қонақүйде туристер іргелес баққа эвакуацияланды. Себебі қонақүйдің төбесінде өрт болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, қонақүй Анталиядағы танымал Коньяалта бульварында орналасқан. Өрт сөндірушілерді қонақүйдің төбесіне көтерілген жалынды байқаған қызметкерлер шақырды. Туристер қонақүйге жақын баққа эвакуацияланды.

Өрт қонақүйдің мұржасынан шыққан жалыннан пайда болуы мүмкін. Себебі мұржа толық тазартылмаған. Енді қонақүйге өрттен мүліктік зиян келіп қана қоймай, өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін айыппұл салынады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!