Анталия билігі пандемияның залалын жариялады

Фото ©Shutterstock

Анталияда пандемия салдарынан қонақүйлер мен туризмнің шығыны есептелді. Шығындар өте үлкен. Тек кірістің төмендеуі 9 миллиард долларға жетті. Мұндай көрсеткішті Анталия сауда-өнеркәсіп палатасының (ATSO) президенті Давут Четин айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Анталияда пандемия салдарынан қонақүйлер мен туризмнің шығыны есептелді. Шығындар өте үлкен. Тек кірістің төмендеуі 9 миллиард долларға жетті. Мұндай көрсеткішті Анталия сауда-өнеркәсіп палатасының (ATSO) президенті Давут Четин айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

"Өткен жылы біз туризмде 2019 жылдың тек 60 пайызына қол жеткіздік. Егер 2019 жылғы деректер бойынша туристер мен кірістердің кемуін есептесек, онда біз 2 жыл ішінде 18 миллион туристен айырылдық. Тиісінше, егер Анталияның туристен алған пайдасы 300 долларды құраса, бұл екі жыл ішінде 6 миллиард доллар шығынды білдіреді. Пандемия басталған кезде біз 2020 жылы шамамен 20 миллиард лирадан айырыламыз деп айттық", - деді сарапшы.

Реклама
Реклама

Четин мырза пандемияға байланысты туризмнің мұндай шығыны қарапайым қала үшін қауіпті болатынын атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная