Англияда коронавирусқа байланысты бір жылда екінші рет қатарынан жалпыұлттық локдаун жарияланып отыр, - деп хабарлайды "Хабар24".
Телеарна мәліметінше, алдағы бейсенбіден бастап мұнда үйден нақты бір себепсіз шығуға тыйым салынады.
Ұлыбритания үкіметі 5 қарашадан 2 желтоқсанға дейін карантин енгізу туралы шешім шығарған. Ол тек Англия аумағында жарияланып отыр. Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияның өздеріне тиесілі шектеулері бөлек.
Телеарна тілшісінің айтуынша, локдаун енгізудің басты себебі ауруханаға түсіп жатқан науқастарға дәрігерлер ем көрсетіп үлгермей жатыр. Наурыз айындағы локдауннан айырмашылығы мектептер мен университеттер жұмыс істей береді. Ал азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа нысандар уақытша жабылады.
"Барлар мен мейрамханалар жабылуы тиіс. Олар тек үйге жеткізіп беру қызметін ұсына алады. Құрылыс пен өндірісте еңбек ететіндер ғана жұмысқа барып, басқалары үйден жұмыс істеуі керек", - деді Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!