Амстердам әуежайы экология үшін рейстерді қысқартады

Фото internationalairportreview.com

Амстердамдағы Схипхол әуежайы климаттың өзгеруіне, шу мен ауаның ластануына қарсы күрес мақсатында жыл сайын қабылданатын рейстерді қысқартуға ниетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelPulse.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Амстердамдағы Схипхол әуежайы климаттың өзгеруіне, шу мен ауаның ластануына қарсы күрес мақсатында жыл сайын қабылданатын рейстерді қысқартуға ниетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelPulse.com сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Схипхол әуежайының басшылығы әуе айлағы жыл сайын рейс санын азайтады деп мәлімдеді. Нидерланды шенеуніктері бұл үшін бірнеше себепті атады, бірақ ең бастысы климаттың өзгеруіне, шу мен ауаның ластануына қарсы күрес болды.

Реклама
Реклама

2023 жылдан бастап Схипхол әуежай арқылы жүруге рұқсат етілетін ұшақтардың санын жылына 440 мыңға дейін шектейтіні аталды. Қазір 500 мың рейс орындалып жатыр.

"Авиацияның адамдарға, қоршаған ортаға және табиғатқа теріс әсерін азайтуға назар аудару қажет", - делінген елдегі Көлік министрлігінің хабарламасында.

"Гринпис" авиациясының маманы Деви Злох бұл қадамды тарихи жетістік деп атады.

Сондай-ақ, әлемдік авиация өнеркәсібі көмірқышқыл газының антропогендік шығарындыларының шамамен екі пайызын өндіреді. Осы уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау секторының күш-жігерінің көп бөлігі көміртегі шығарындыларын өтеуге негізделген, бірақ бұл тәсіл күмәнді нәтиже береді. Парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың атмосфераға шығарылатын көлемін азайтуға ықпал етпейді.

Схипхол - Нидерландыдағы басты халықаралық әуежай және Еуропадағы үлкен үшінші әуежай (Лондон Хитроу мен Шарль Де Голль атындағы Париж әуежайынан кейін).

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная