Алты жасар бала әуекомпанияның кінәсінен басқа қалаға ұшып кетті

Фото: pexels

Каспер есімді алты жасар бала АҚШ-тағы Spirit Airlines әуекомпаниясының кінәсінен бөтен қалаға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Каспер есімді алты жасар бала АҚШ-тағы Spirit Airlines әуекомпаниясының кінәсінен бөтен қалаға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Wink News мәліметінше, бала алғаш рет ұшақты жалғыз ұшты және Филадельфиядан Форт Майерске баруы керек болған. Бірақ ол Орландодан бір-ақ шыққан. Бала ата-анасыз ұшты, олар ұшақ бортында балаларды алып жүру қызметін пайдаланды.

Реклама
Реклама

Баланың әжесі оны алу үшін 250 шақырым жүруге мәжбүр болды. Әйел бұл оның өміріндегі ең қорқынышты оқиғалардың бірі екенін айтты.

"Маған немеремнің қалай Орландоға кетіп қалғанын айтыңыз. Бұл қалай болды? Оны ұшақтан шығарып алды ма? Бортсерік оны жалғыз жіберді ме? Әлде немерем өзі дұрыс емес ұшаққа отырды ма?" - деп ашуланды кейуана.

Spirit Airlines болған оқиға үшін кешірім сұрап, Каспердің отбасына келтірілген шығынды өтеуге уәде бергені нақтыланды. Сондай-ақ, компания болған оқиғаны тергеуді бастады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная