Сан алуан мәдениеттердің хош иістері араласып, өзгеше үйлесім тапқан Алматы жүрегінде әлемнің түрлі елдерінің ұлттық тағамдарын ұсынатын жайлы мейрамханалар өте көп. Олардың әрқайсысы гастрономия әлеміне жетелейтін жолсерік іспеттес. Оңтүстік астанадағы ең дәмді жерлерге қызықты аспаздық саяхат жасайық.
"Сё-Сё". "Алтын шаршының" дәл ортасында орналасқан Вьетнам бұрышы
Мекенжайы: Достық даңғылы, 52.
Шаһар орталығындағы тып-тыныш көшелердің арасында "Сё-Сё" шығыс дәмханасы ерекшеленіп тұр. Онда барсаңыз, нағыз Вьетнам атмосферасын сезінесіз. Бұл жердің арнайы дайындалған сорпасының хош иісі өткен-кеткен адамдарды елітіп, интерьері шығыс әлеміне тап болғандай сезімге бөлейді.
Мәзірдегі фирмалық "Спонтанный сендвич" тағамының таңдаулы асыңызға айналарына күмәніміз жоқ. Оны дайындау үшін апельсин және қызанақ қосып бұқтырылған жылқы етіне көп дәмдеуіш, қияр, маринадталған дайкон мен ірімшікті аямай салып, йогурт пен Кочхуджа́н пастасынан әзірленген соус құйылады.
Мәзірге мұқият зер салсаңыз, Вьетнам асханасының әртүрлілігіне көз жеткізесіз: жеңіл, әрі жаңа дайындалған сорпалардың сан түрі, хош иісті лимон жапырақтары мен кинза қосылған тағамдар. Ал ащы бұрыш пен ферменттелген тәтті соустар араласқан фирмалық тағамдардың дәмін татқан қонақтар өздерін Ханой көшесіндегі кафеде отырғандай сезінеді.
Harissa. Таяу Шығыстың тамаша дәмі
Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 68а.
Дәмдердің сиқырлы күшін сезінгіңіз келсе, "Хариса" мейрамханасына барыңыз. Онда Таяу Шығыс асханасының дәстүрлі және заманауи тағамдары ұсынылады. Кардамон мен кориандрдың ащылау хош иісі әдемі залға ғажайып атмосфера сыйлап тұр.
Ондағы дәстүрлі рецепт бойынша әзірленген таңдаулы тағамдарды нағыз аспаздық өнертабыс деуге болады. Хош иісті хумустың барлық түрін, тандырда піскен жұп-жұмсақ ет пен ұлттық тағам – фалафель – ұсақталып, татымды дәмдеуіштер қосылып, шар түрінде фритюрде қуырылған бұршақ дақылдарының дәмін көруге кеңес береміз. Пайдалы, әрі дәмі тіл үйіретін тағам.
"Хариса" мейрамханасы келушілерге тек дәмді тағамдар ұсынбайды, онда Таяу Шығыстың естен кетпес хош иістері мен дәмдерінің әлеміне саяхат жасайсыз.
Bangkok. Алматыдағы Тай елінің акценттері
Мекенжайы: Луганский көшесі, 57/6.
Тай тағамдарынан дәм татқыңыз келсе, "Бангкок" мейрамханасына баруға кеңес береміз. Мұндағы әр қонақ экзотикалық тағамдардың тылсым әлеміне саяхат жасаушыға айналады. "Пад Ка Пао" фирмалық тағамын ұсынамыз. Бұл тағамды дайындау үшін ет, теңіз өнімдері немесе көкөністер хош иісті базилик пен қара соя соусы араластырып, вок табасында қуырылады. Кұріш және қуырылған жұмыртқамен қоса беріледі. "Манго қосылған жабысқақ күріш" атты ерекше десерт те бар. Ол – дәстүрлі әдіспен пісірілген жабысқақ күрішке манго мен кокос кремі қосылған тәтті ас. Әрине, Тай елінің таңдаулы тағамы – фирмалық том-ямнан да дәм татпай шықпаңыз! Кокос сүтіне теңіз өнімдері мен татымды дәмдеуіштер қосылып дайындалатын әрі қышқыл, әрі ащы сорпа әйгілі Пхукет жағалауында жатқандай әсерге бөлейді.
Govinda’s. Үндістан дәмдерінің сиқырлы үйлесімі
Мекенжайы: Абылай Хан даңғылы, 39.
Govinda’s мейрамханасына барушылар үнді дәмдерінің керемет мерекесінің қонағына айналады. Ашық, әрі қанық бояулармен әрленген интерьер келушілердің көзін қуантып, сиқырлы әлемге жетелегендей болады.
Бұл мейрамхананың шебер аспаздары келушілерге дәмдердің қайталанбас үйлесімін, сан алуан дәмдеуіштер қосылған ұлттық тағамдарын ұсынады. Хош иісті карри, нәрлі дал мен қытырлақ самоса – әр қонақ талғамына сай тағам түрін таба алады. Govinda’s мейрамханасына барып, үнді дәмдерінің ғажайып ғаламына бойлау мүмкіндігін өткізіп алмаңыздар. Мейрамханаға вегандарға да баруға болады.
Vista. Қала көрінісін тамашалап, Италия романтикасын сезіну
Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 77/7.
Алматы мейрамханаларының арасында өзгеше итальян романтикасын сезініп, қаланың керемет көрінісін тамашалауға болатын Vista-ның орны бөлек. Бұл жерде Италия асханасына ғашық болып, Жерорта теңізінің жылы шуағына шомылғандай боласыз.
Дәмі ерекше пасталар, жұп-жұқа пиццалар, жаңа дайындалған теңіз өнімдері. Vista-ның әр тағамы — нағыз өнер туындысы. Бас аспаз дәстүрлі рецептілер мен саладағы заманауи тенденцияларды ұштастыра отырып, нағыз аспаздық шедеврлерді жасап шығарады. Ешкі сүтінен жасалған ірімшік пен балдыркөк үстінде пісірілген бұзау еті қосылған равиоли – міндетті түрде татуға тұрарлық тағам. Дәмі таңдайыңнан кетпейді!
Spiros. Грек тағамдарының Волшебство греческих вкусов
Мекенжайы: Достық даңғылы, 109Б.
Алматы көшелерінен Эгей теңізінің әуенін естісеңіз, демек Spiros мейрамханасына жақын маңда жүрсіз. Ол - грек асханасының айрықша хош иісі бас айналдырып, сөзбен жеткізгісіз шаттыққа бөлейтін оңашалау орналасқан жер.
Spiros мәзірінде сан алуан тағамдар ұсынылған: зәйтүннің түр-түрі мен ащы фетадан бастап, пешке піскен хош иісті баклажан мен нәрлі етке дейінгі тағамдар бар. Ал жасұнық пен пешке піскен бұрышпен қоса берілетін грильде қуырылған командор кальмары – мұнда келуші қонақтардың сүйікті асы. Теңіз өнімдері мен дәнді дақылдардың классикалық тандемі жаңаша жолмен әзірленген өзгеше үйлесім.
Тағамның дәмін аша түсу үшін бір бокал грекиялық үй шарабына тапсырыс беруді де ұмытпаңыз!
Spiros-қа барып, әйгілі грек салаттары, түрлі дәмдеуіш шөптер мен майда маринадталған теңіз өнімдерінің дәмін татсаңыз, Эгей теңізі жағалауына естен кетпес гастрономиялық саяхат жасағандай күй кешесіз.
Алматыға жасалған гастрономиялық вояждың қорытындысы ретінде айтарымыз – бұл мейрамханалардың әрқайсысы түрлі дәмді тағамды бағалаушылар үшін нағыз жаңалық болары анық. Мәдениеттер мен дәмдер тоғысқан бұл шаһардағы әр мейрамхана - қонақтарды таңғажайып гастрономия әлеміне шақыратын айрықша аспаздық оазис секілді. Алматыда сіздер үшін жер шарының түкпір-түкпірінің есігін айқара ашылады, әлем елдерінің асханаларынан дәм татып, асқазаныңызды және өзіңізді қуантыңыз.