@Shutterstock @Shutterstock

Алматыдан Гоаға әуе рейстері ашылады


9 желтоқсанда Алматыдан Гоа штатына (Үндістан) тікелей рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасымалдаушының мәліметінше, рейстерді еншілес компания - Sunday Airlines орындайды. Рейс әр бейсенбі сайын орындалады. Билеттерді бөлек сатып алу жұмыс істемейді, тек туристік агенттіктерден пакеттің бөлігі ретінде сатып алуға болады.

"Міндетті түрде өзімен бірге шекараны кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспайтын ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ұшу қарсаңында саяхатшылар Аir Suvidha порталында тіркеліп, рейстен 72 сағат бұрын жасалған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижелерін жүктеуі керек.

Туристерге нәтижені сайтқа жүктеп қана қоймай, өзімен бірге алғаны дұрыс. Қазақстандықтардан келгеннен кейін қосымша талдау тапсыру да, карантин де талап етілмейді. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды